Серіктестер

Қазақстандықтардың 76,8%-ы «Заң мен Тәртіп» қағидатын қолдайды

Фото: Ашық деректер көзі
Фото: Ашық деректер көзі
Түркістан Бүгін, 17:57

Қазақстандықтардың басым бөлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын қолдайды. Сонымен қатар азаматтардың оны жүзеге асыруға жеке қатысуға дайындығы да артқан.

Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институтының 2026 жылдың III тоқсанына арналған социологиялық зерттеуінде анықталды.

Сауалнамаға қатысқандар «Заң мен Тәртіп» қағидатының жеке маңыздылығын 5 балдан орта есеппен 4,47 балға бағалаған. Ал респонденттердің 76,8%-ы қағидатты қандай да бір деңгейде қолдайтынын білдірген.

Зерттеудегі маңызды көрсеткіштердің бірі – азаматтардың заң мен тәртіпті ілгерілетуге жеке қатысуға дайындығының өсуі. Мұндай дайындықты білдіргендердің үлесі II тоқсандағы 37,4%-дан III тоқсанда 41,7%-ға дейін артқан.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 44,1%-ы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруда оң өзгерістер болғанын атап өткен. Бұл көрсеткіш өткен тоқсанда 41,5% болған.

Азаматтардың пікірінше, заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін мемлекет пен қоғамның бірлескен жауапкершілігі маңызды. Респонденттердің 41,5%-ы заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуына мемлекет пен азаматтар бірдей жауапты деп есептейді. Ал 34,3%-ы бұл жауапкершілік ең алдымен әрбір қазақстандыққа тиесілі деп санайды.

Зерттеу нәтижесінде азаматтардың әділдікке, заң алдындағы теңдікке және қауіпсіздікке сұранысы да жоғары екені байқалды. Респонденттердің 55,4%-ы «Заң мен Тәртіп» қағидаты туралы жалпы хабардар.

Қағидатты іске асырудың маңызды бағыттары ретінде тұрғындар әйелдер мен балаларды қорғауды – 38,6%, қаржылық алаяқтықпен күресті – 37,3%, сондай-ақ есірткі қылмысы мен экстремизмге қарсы іс-қимылды – 35,6% атаған.

Жастар бұл бағыттағы өзгерістерді біршама оң бағалайды. Атап айтқанда, 18-28 жастағы респонденттердің 46,2%-ы айқын немесе жекелеген оң өзгерістерді атап өткен.

Сауалнама 2026 жылғы 1-16 тамыз аралығында жеке сұхбат әдісімен жүргізілген. Оған 18 жастан асқан 2400 респондент қатысқан. Зерттеу Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, 17 облыс орталығында және ауылдық елді мекендерде өткізілді.

Жалпы, зерттеу қазақстандықтар үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатының тек мемлекеттік саясат ұғымы емес, жеке және қоғамдық қауіпсіздікпен, жауапкершілікпен және әділдікпен байланысты нақты құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.