Түркістан қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер тұрғын үй кезегіне қойылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 9 тамыз, 2024

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Гүлнұр Еділқызы мәлімдеді,-деп хабарлайды turkistan.today

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 100-ден астам астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мәселен, Департаментке Түркістан қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшінің тұрғын-үй кезегіне тұра алмай жүргендігі жайлы өтініші түсті. Аталған өтінішке сәйкес, өтініш иесі мемлекеттік тұрғын үйге кезегіне тұру бойынша қызмет көрсетуші ұйымға өтініштер жолдап, кезекке қоюдан бас тарту алған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тұрғын үй беру есебіне алынады.

Департаменттің зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, азаматты тұрғын үй кезегіне қоюдан негізсіз бас тарту фактісі анықталып, кемшілікке жол берген ұйымның қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушының құқықтары толығымен қалпына келтірілді және заңға сәйкес тұрғын үй кезегіне қойылды.

 

434

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.