Түркістан: Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде кедергілерге тап болған бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 мамыр, 2023

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарының бір топ кәсіпкерлері өздері сауда жасайтын дүкендері орналасқан жолдың бойындағы жол-патрульдік қызметімен қойылған «Аялдамаға тыйым салынады» белгісін басқа рұқсат етілген белгіге ауыстырып беру туралы шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Turkistan Today.


Бір жылдан астам уақыт ішінде кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға, яғни, автокөліктерді дүкендерінің алдына қоя алмай, тауарларын сауда нүктелеріне дейін жеткізуде қиындықтарға тап болған.


Бизнес өкілдерінің шағымы негізінде, Кәсіпкерлер палатасының, қалалық прокуратураның, әкімдіктің, полиция мен кәсіпкерлердің  қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің сауда нүктелеріне кедергі келтірмейтін «Кешкі сағат 20.00-ден таңғы 10.00-ге дейін» автотұрақ қоюға болатын қосымша белгі орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті белгі орнатылып, бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды.


1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.