Түркістан: Қазығұртта «Ел тірегі»  атты кездесу кеші өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 қазан, 2023

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі Қызылсеңгір елді мекенінде «Ел тірегі» атты жауынгерлік кездесу кеші өтті. Аталған шараны «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалы 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Іс-шараға «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы төрағасы Исмаил Аманқұлов, Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Айтубай Райымбай мен бірлестік мүшелері, Қазығұрт аудандық Қорғаныс істер бөлімі басшысының орынбасары, майор Бағлан Бөрібай, Қақпақ шекара заставасының командирі, капитан Заманбек Достемір және аудан жастары қатысты. 

Жауынгерлік кеш барысында «Мұрагер» ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелері өздерінің бастарынан өткен оқиғаларды, өмірлік тәжірибелерін жастарға баяндап, жаңадан әскерден оралған жас сарбаздарды шақыртып, олардың аналарына құрмет көрсетіп, ел қорғаушы азамат тәрбиелеп өсіргені үшін ынталандыру ретінде арнайы медаль табыстады. Сондай-ақ жас буын өкілдерімен сұрақ жауап ұйымдастырылып, шекара күзетінде тұрған әскерлер қару-жарақтың түрлерімен таныстырды.

Айта кетейік, «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігі осыдан 2 жыл бұрын құрылған. Атаулы бірлестік Кеңес Одағы кезінде «Варшава» келісімшарты негізінде шет елдерде, оның ішінде: Ветьнам, Венгрия, Германия, Польша, Чехославакия, Куба, Монғолия елдерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгер ардагерлерден құралған. Бүгінгі күні республикалық бірлестіктің құрамында 4 мыңнан астам мүше бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

582

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.