Түркістан: Қазығұртта “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтіп жатыр

Түркістан: Қазығұртта “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтіп жатыр

Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы қоғамдық орындарға 27 500 түп көшет мен гүлдер отырғызылды.


Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқаруда. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0