Келес ауданына қарасты елді мекендердің ішкі көшелеріне 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Turkistan Today.
Оның ішінде, 7 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округі Бозсу елді мекенінің Жаңағасыр-1, Жаңағасыр-2, Жаңалық, Денсаулық көшелеріне, Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінің Т.Тәжібаев көшесіне, Қошқарата ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің Алтыбаев, Жеңіс көшелеріне жол жөндеу жұмыстары басталды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылау мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жеңіс көшесіне барып, мердігерлермен кездесті. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына жолдың сапасына басымдық беріп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Абай ауылының 8 көшесіне және Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшелердегі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.