Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы және ресми шомылатын жоқ елдімекендерге модульді-каркасты бассейндерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін заң аясында қарастыруды аудан, қала әкімдеріне тапсырған болатын, деп хабарлайды Turkistan Today.
Берілген тапсырма аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріне нақты міндеттерді жүктеп, жергілікті кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді айтқан еді.
Нәтижесінде Келес ауданына қарасты елдімекендерде кәсіпкерлердің демеушілігімен арнайы модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр. Атап айтқанда, Жүзімдік елдімекенінен кәсіпкер Асан Тілеуов каркасты бассейн орнатып, жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, аудан орталығынан Нұржан Ата ЖШС арнайы бассейн ашып, тұрмысы төмен отбасылардың тізімі беріліп, оларға тегін қызмет көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округіндегі жалпы орта мектептердің алдына екі дана бассейндер құрылуы жоспарланған болса, Ошақты, Қошқарата ауылдық округінде кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, аталған шараның мақсаты – жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін сақтау, суға кету қаупін сейілту. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы "Сая" ойын-сауық орталығындағы бассейн келушілерге қызмет көрсетіп келген болса, алдағы уақытта ауданға қарасты ресми шомылатын жоқ елдімекендерге арнайы бассейндер орнату көзделген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.