Түркістан: Келесте қыз жасауына қажетті жарақтарды шығаратын цех іске қосылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 ақпан, 2024

Келес ауданында «Домалақ ана» атты тігін шеберханасы мен дүкені іске қосылды,- деп хабарлайды turkistan.today.

Абай ауылында орналасқан кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Өмірсерік Алтынбаев пен Абай ауылы әкімінің орынбасары Мұхамеджан Өтенов қатысып, шеберхана ұжымына толайым табыстар, істеріне сәттілік тіледі. 

– Кәсіпкерлік саласы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл сала көрсеткіштерінің  ауданымыздың рейтингісіне әсері зор. Бүгінгі ашылғалы тұрған тігін цехы мен дүкені өңірдегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенемін. Бастаманы қолға алған Ұлбосын Қаржауқызына алғысымызды білдіріп, алдағы жұмыстарын сәттілік тілейміз, – деді Абай ауылы әкімінің орынбасары Мұхамеджан Өтенов. 


Айта кетейік, бүгінде Ұлбосын Рустемованың бастамасымен ашылған тігін шеберханасында жалпы 10 адам тігін тігеді. Оның ішінде 4 азамат «Күміс жас» бағдарламасы аясында субсидияланып отыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың азаматшалары да бар. Тігінді тіршілік көзіне айналдырған жандар ұлттық нақыштағы қыз жасауын, құрақ көрпе, мектеп оқушыларының ұлттық нақыштағы бірегей формасын және сәнді дизайндегі перделер  тігеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

584

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.