Түркістан: Келестік шаруа күніне 3 мыңға жуық бөдене жұмыртқасын саудалайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 ақпан, 2024

Келестік кәсіпкер Қайрат Әбдіразақұлы бүгінде 6 мыңға жуық бөдене өсіреді. Қазіргі таңда құстың жұмыртқасын сатып, табысқа кенеліп отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


- Ауылымыздағы тұрғындардың басым көпшілігі диқаншылықпен айналысады. Солар қатарлы біз де өз несібемізді жер анадан тауып келдік. Кейін әлеуметтік желіден бөдене кәсібі туралы естідік. Оның қыр-сырын үйреніп, Игілік ауылындағы кәсіпкерден 2 000 дана бөдене жұмыртқасын сатып алдық. Бүгінде үй ауыласында бөдене құсын өсіріп, оның жұмыртқасын сатуды отбасылық кәсіпке айналдырдық. Енді егін егуді қойып, бөдене өсіруді дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазір тәулігіне 3 мың жұмыртқа алып, оны 25 теңгеде саудалап отырмыз, - дейді кәсіпкер. 


Қайрат Әбдіразақұлының сөзінше, бөдене – көп әрі тез жұмыртқалайды. Көптеген дерт түрлеріне шипасы мен емдік қасиеті бар. Әсіресе, адам ағзасындағы зиянды қалдықтарды тазартады. Сонымен қатар, асқазан және өкпе аурулары, созылмалы холецистит, демікпе, жүйке, жүрек ауруларына да пайдасы орасан. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

321

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.