Түркістан: Кентауда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 22 қыркүйек, 2023


Кентау қаласында 2023 жылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 14,6 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Turkistan Today.


Қазіргі таңда қаладағы Ш.Құдайбергенов, И.Тайманов, Камалов, Көктерек, Әзірбаев, Геологическое, Құрманғазы-2, Тынышбаев, Мұратбаев-2, 66 квартал, М.Өтемісұлы, Қажымұқан, Ш.Айманов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. 


Ал қалған 6,6 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар қазан айының 20 жұлдызына дейін толық аяқталатын болады.Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен Қ.Ясауи даңғылы мен Әл-Фараби көшесінің аралығындағы Төле би көшесінің 480 метр жеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жолдың негізі әзірленіп, жарық бағаналары орнатылған. Көше қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға берілетін болады.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

568

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.