Түркістан: Кентаулық көпбалалы ана «Ауыл аманаты» жобасымен кондитерлік цех ашқан

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 қаңтар, 2024

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан. Кәсіпкер  7 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтарын сатып алған. 
Бұл салада келе жатқанына 10 жылдан асқан, деп хабарлайды Turkistan Today.


Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артқан. Алдағы уақытта отбасылық кәсібіне наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.
Қазір күніне 15 келідей бәліш түрлерін, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы  журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

432

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.