Түркістан: «Қылуеттің» іші ерекше үлгіде жасалады

Түркістан: «Қылуеттің» іші ерекше үлгіде жасалады

500 орындық заманауи мешіттен және медеседен тұратын «Қылует» рухани орталығының ішкі дизайны да ерекше болмақ. Теңдесі жоқ бірегей жобаның құрылыс сапасы – басты назарда. Құрылыстың бірінші кезеңі аяқталған. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылысы бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Жер асты мешітінің ішкі инфрақұрылымы тартылған. Қасбеті ақ мәрмәрмен қапталады. Бүгінде  ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына күш салынған. Оның сәулеттік келбеті мен безендірілуі негізгі классикалық қалыпты сақтай отырып, ерекше жаңа стилде жасалған. Мешітке қазақтың бай ою-өрнектері қолданылған. 

Басқосуда 4 мың шаршы метрден асатын мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды. Мешіттің құрылысы бойынша дін өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілуде. 

Айта кетейік, бұл орталық толығымен демеушілердің қаржысымен тұрғызылуда. Жалпы мешіттің құрылысына еліміз бен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасап отыр. Діни ғимарат 1 гектарға жуық аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі 3 мың шаршы метрге жуық. Жерасты мешітінің қасынан қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе орналасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0