Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” көпсалалы кешенінде балалар мен ересектерге арналған үйірмелер ашылды. Атап айтқанда, “Вокал”, “Мүсін және керамика”, “Би”, “Домбыра”, “Бейнелеу”, “Фитнес” сынды үйірмелер бар. Олар шығармашылық қабілетті жандандыруға, ұлттық қолөнер мен құндылықтарды насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Turkistan Today.
Мекеме басшысы Асқар Кенехан БАҚ өкілдеріне жаңадан қолға алынған тың жобалармен қатар мәдениет ошағының алдағы жоспарларымен таныстырды. Ән-жыр кештері мен мәдени шаралардан бөлек, кешен келешекте мәдениеттің сан-саласын қамтыған бірегей орталыққа айналмақ. Қалам иелері саздан құмыра жасап, қылқаламмен сурет те салды. Шара соңында мекеме атынан арнайы сертификаттар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.