Түркістан: құрылысы тоқтаған мектептер мәселесі шешілуде

Түркістан: құрылысы тоқтаған мектептер мәселесі шешілуде
10 жыл ішінде облыста 292 мектеп салынды. Оның ішінде 134 мектеп Түркістан облысы құрылғалы бой көтерген. 2020 жылдан бастап білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі енгізілуіне байланысты білім беру саласын басқару, бюджетті бөлу функциялары аудандық деңгейден облыстық деңгейге берілді. Осыған байланысты 2021 жылдан бастап мектептердің құрылысына облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып бекітілді. Оған дейін мектеп құрылысына тапсырыс беруші аудан және қала әкімдіктері болған.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, өтпелі кезеңде салынып жатқан мектептерді аудан және қала әкімдіктерінен қабылдау барысының бірқатар себептермен созылуынан мектептердің құрылысын уақытылы қаржыландыруға кедергісін тигізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бұдан бөлек, әлемдік пандемия салдарынан және құрылыс материалдарының бағасы өсуіне байланысты, құрылыс компанияларының жобалық-сметалық құжаттамаға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта түзетуден өткізу туралы өтініштері түсіп, құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуіне әкеп соқты. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандар құрылысы құнының қымбаттауына қатысты проблемалық мәселелер Үкімет деңгейінде де қаралды.

Қиындықтарға қарамастан 2021 жылы бөлінген қаржыға сәйкес Түркістан облысына пайдалануға тапсыру бекітілген 44 мектепті немесе 11150 оқушыға арналған орынды пайдалануға тапсыру үшін құрылыс компанияларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құрылыс жұмыстарын тоқтатпау арқылы жыл қорытындысымен бекітілген меже орындалды.
Сонымен қатар дәл осылай 2022 жылы бөлінген қаржыға сәйкес пайдалануға тапсыру бекітілген 21 мектепті немесе 4800 оқушы орынды пайдалануға тапсыру үшін құрылыс компанияларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құрылыс жұмыстарын жандандыру арқылы жыл қорытындысымен бекітілген межеге қол жетті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылысы тоқтап тұрған білім ұяларының мәселелері қатаң бақылауда. Жосықсыз мердігерлер тізімі жасақталды.
Бүгінгі күнге 2023 жылға өтпелі 33 мектептің 17-сі бойынша мердігер компаниялары тарапынан 2017, 2018, 2019 жылы әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта түзетуден өткізу туралы өтініштері келіп түсуде. Жобалық-сметалық құжаттамалардағы бағаны 2023 жылғы бағамен салыстырғанда 2017 жылғы жобалар 130 пайызға, 2018 жылғы жобалар 80 пайызға, 2019 жылғы жобалар 50 пайызға өскені анықталуда.

Мысал ретінде айтатын болсақ, 2021 жылғы маусым айында болған барлық материалдардың қымбаттау дерегіне дейін 8 мектеп құрылысы басталып кеткен, 4 мектеп бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімдері жүргізіліп жатқан кезде материалдар қымбаттаған, ал қалған 5 мектептің құрылысының ЖСҚ-сы 2019 жылы әзірленген. Бұл 5 мектеп бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімдері 2022 жылы өткізіліп, келісімшарт сол жылы түзілген.

Бүгінгі таңда проблемалық 17 мектептің 3-еуі (Қазығұрт ауданында 100 орындық мектеп, Отырар ауданында 100 орындық мектеп, Ордабасы ауданында 300 орындық мектеп) бойынша келісімшарт талаптары сақталмауына байланысты мердігер мекемелерімен келісімшарт бұзылып, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа берілген.
Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы 600 орындық және 300 орындық, Мақтаарал ауданындағы 200 орындық 2 мектептің мердігер мекемелері тарапынан келісімшарт талаптары сақталмауына байланысты оларды келісімшартты бұзу және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа берілген.

Қалған 10 мектеп бойынша алдағы уақытта құрылыс жұмыстары бәсеңдеген немесе келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда заң аясында келісімшартқа сәйкес шара қолданылатын болады.
Проблемалық мектептердің мәселесін шешу мақсатында келісімшарт талаптарын сақтамай өз міндеттемелерін орындамағаны үшін келісімшарты бұзылған мектеп құрылыстарының ЖСҚ-лары қайта түзетуден өткізіледі.

Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, конкурс нәтижесінде анықталған жаңа мердігер мекемелермен келісімшарт түзіледі. Мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтау қажеттігі жөнінде міндет жүктеледі.


                            
                            <!--Optional Url Button -->
                            
                                                    </div>


                        <div class=

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0