Түркістан: Мақтаарал ауданында биыл 9 елдімекен газбен қамтылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 қыркүйек, 2023

Мақтаарал ауданында қазіргі таңда 68 елді мекеннің 36-на  көгілдір отын қолжетімді. Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Дихан елді мекеніне газ құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Дихан елді мекеніндегі газ жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталған. Жауапты мердігер мекеме биыл ауыл халқын көгілдір отынға қосу үшін нысанды уақытылы аяқтайтынын айтады.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында газбен қамтылған елді мекендер  52,1 пайызды құрап отыр. Қолданыстағы автоматты газ тарату станциясының қуаттылығы толығымен пайдалануда. Бұдан бөлек, қосымша қуаттылығы сағатына 50 мың текше метрді құрайтын «Мақтаарал» автоматты газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы ауданда биыл 9 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталады. Бұл қосымша 1 616 абонентті қосуға мүмкіндік береді, яғни аудандағы газбен қамту деңгейі 65,2 пайызға артады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

594

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.