Түркістан: Мақтааралда республикалық акция аясында 5000 түп гүл егілуде

Түркістан: Мақтааралда республикалық акция аясында 5000 түп гүл егілуде

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары басталды,- деп хабарлайды Turkistan.today.


«Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 000 түп георгина, 1 500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан сынды гүлдердің бірнеше түрі егіп жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.    

  «Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл - кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы. Бұл жұмыстар акция аясында жандана түсті. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады» - деді «Мырзакент қызмет» МКК-ң директоры Тимур Адамбек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0