Мақтаарал ауданында 2018-2022 жылдар аралығында 102,1 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы көшпелі брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы 5 жыл уақыт аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 2 есе өсіп, былтыр 81 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Turkistan Today.
- Бес жыл уақыт ішінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, әлеуметтік-экономикалық даму оң қарқынды көрсетуде. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 76 жоба (436,6 млн теңгеге) мақұлданған. Сондай-ақ аудан бойынша жалпы 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. Инфрақұрылымды дамыту бойынша аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 99,9%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Аудан бөлінгелі 2019-2022 жылдар аралығында 11,2 шақырымды құрайтын 7 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына асфальт төселді. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 199 шақырым 212 ішкі көшеге асфальт, 118,3 шақырым 151 ішкі көшеге тас төселді, - деді аудан әкімі.
Өңірде жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында 24 гектар аумақта индустриалды аймақ құрылған. Онда 4 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Бұдан басқа, «Еңбек» бағдарламасымен бес жылда 4 052 адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.