Түркістан: Министр Саурандағы су басу салдарын жою жұмысымен танысты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 ақпан, 2023

ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының төрт елдімекеніне барып, су басу салдарын жою барысымен танысты, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.


Кездесуде белгілі болғандай, әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралауды ұйымдастыру тапсырылды. Жедел штабтың мәліметінше, Ордабасы ауданындағы елдімекендегі су сорылған. Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларында, Бәйдібек және Созақ аудандарында болады.


Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған. Жедел шараларды ұйымдастырумен құтқару бөлімшелері мен ЖАО жағдайды тұрақтандырды. Елдімекендерде негізінен аула аумақтары су астында қалды, онда суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.