Түркістан: науқастан 9 келі ісікті алып тастау бойынша ота жасалды

Түркістан: науқастан 9 келі ісікті алып тастау бойынша ота жасалды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында онкохирург дәрігерлері 1991 жылғы науқасқа салмағы 9 келі ісікті алып тастау бойынша ота жасады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Ісікті оң бүйрекпен бірге алып тастау операциясы шамамен төрт сағатқа созылды. Отадан кейінгі материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсетті.
Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтті, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0