Түркістан облысы халқының 92,2 пайызы интернет желісімен қамтылған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 шілде, 2024

Түркістан облысы  халқының 92,2 пайызы интернет желісімен қамтылған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков мәлімдеді,-деп хабарлайды turkistan.today

«Түркістан облысы аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ында 4G  және  3G мобильді интернет желісі бар. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Ал 39 елді мекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Қазіргі уақытта орталық атқарушы органдармен «Қолжетімді ғаламтор» ұлттық жобасы аясында елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағына тиесілі 650 шақырым республикалық және негізгі облыстық жолдарды толығымен мобильді интернет желісімен қамту мақсатында қосымша 14 базалық станция орнату үшін «Кселл» АҚ-мен келісім-шарт жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, өңірдегі Түркістан қаласы әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласының әуежайы және  «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарында 5G мобильді интернеті іске қосылған. Сонымен қатар, Түркістан облысына қарасты 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған»,- деді Марат Айнабеков. 

Спикердің сөзінше, облыста қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында 912 жалпы бейнебақылау камералары бар. Одан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 179 нүктеде аппараттық-бағдарламалық кешендер  іске қосылған.

Биыл қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен («Сергек», «Мерген») мен 200 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, басқарма тарапынан «2GIS» компаниясымен Түркістан қаласының автопаркінің барлық автобустарына GPS трекер орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде. 
 

462

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.