Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің жиырмасыншы отырысы өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 мамыр, 2023


Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің жиырмасыншы отырысы өтті. Отырысты Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиев жүргізіп отырды.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, Қоғамдық кеңес мүшелері және салалық басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Күн тәртібінде маңызды 6 мәселе қаралып, тиісті басқарма басшылары баяндама жасады. Соның ішінде, 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде қаржы басқармасы басшысы А.Тасыбаев және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша  мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Қ.Елібаев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.


​Сонымен қатар екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов баяндама жасады.


​Өз кезегінде Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тиісті сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізіп, алдағы жұмыс барысында пікірлерді назарға алу қажеттігін айтты.


Жалпы, Қоғамдық кеңес мүшелері барлық 6 мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.