Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың 60% ұл болса, 40% - қыз. Яғни Түркістан облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұл - аяулы аналардың рухани астананың демографиялық дамуына қосқан үлесі. Облыс аймағында үш облыстық перинаталдық орталық бар. Ал, аудан бойынша 22 перзентхана бөлімі жұмыс істейді.
Түркістан облыс орталығына айналғалы бері демографиялық өсім 2 есеге ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келген. Бұл - жылына 60 мыңға жуық бөбек туылады деген сөз. Ал, биыл, яғни жыл басынан бергі 6 айда 26 мың 706 нәресте өмірге келген.
Сонымен қатар, Түркістан облысы - елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.