Бүгін арнайы іссапармен Түркістан қаласына М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы полиция майоры Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ келді. Атап айтсақ, іссапармен келгендер қатарында кафедраның профессоры полиция полковнигі Майя Тоқсанова, аға оқытушы полиция майоры Жұлдыз Сидашева, ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лейла Култемировалар бар.
Бұл мамандар Түркістан облысының барлық қала, ауданы әкімдерінің орынбасарлары, полиция бөлімдерінің басшылары мен басқа да тиісті органдарды қатыстыра отырып, облыс әкімдігінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жиын барысында Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша құрылған ведомствоаралық топпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Мәлімдемені Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов, Түркістан ҚПБ бастығы Бауыржан Жанаев жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.
Сондай-ақ полицияның сервистік моделі бойынша қылмыстың орын алуы, себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтауда қажетті дамыған елдердің әдістері ұсынылды.
Аталған мамандар 4 күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша жасалып жатқан жобалармен танысып, пысықтайтын болады.
Айта кететін жайт, Полиция департаменті бастығының тікелей қадағалауымен соңғы жылдары Түркістан облысында полицияның сервистік модельге көшуі, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, қылмыстардың азаюы мен тосқауыл қойылуы бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.