Түркістан облысына орталық сайлау комиссиясының төрағасы іссапармен келді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 ақпан, 2024

ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді,- деп хабарлайды turkistan.today.

Сапар аясында Түркістан қаласы мен Отырар, Сауран аудандарына барды. Алғашқы күні Отырар ауданының жас сайлаушыларымен кездесіп, ауданның аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын тексерді.

Сонымен қатар Түркістан қаласында облыстық аумақтық комиссия мүшелерімен кеңес өткізді. Екінші күні облыстың жас сайлаушыларымен, депутаттарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдерімен жүздесті. Шаралар аясында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, учаскелер мен комиссия мүшелеріне қойылатын талаптар жайы сөз болды.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Сауран аудандық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті. Онда Нұрлан Мәжитұлы сайлау учаскесінде болып, мүгедектігі бар азаматтар мен байқаушылардың жұмысы үшін қажетті жағдай жасауды назарда ұстау керектігін айтты. Іссапар аясында Төраға мемлекеттің сайлау жүйесін дамыту туралы монографиялық кітаптарды Отырар және Сауран аудандарының, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кітапханаларына табыстады. 
Бұдан бөлек, Нұрлан Әбдіров облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына - «ҚР сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» семинарына қатысты. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

377

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.