Түркістан облысынан шыққан танымал спортшылар?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 маусым, 2024

Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында біз ерекше атап өтетін аймақтардың бірі – Түркістан облысы. Отандық және әлемдік спортқа талантты атлеттер сыйлаған өңір туралы бүгін кеңінен әңгімелейміз, деп хабарлайды turkistan.today порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан спортының басты қаһарманы – Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов. Сол өңірден түлеп ұшқан Бекзат бокспен небары бес жыл айналысып, бес жылда Олимпиада шыңын бағындырған болатын. Жиырма жасында Олимп тұғырында тұрған спортшы сол жасында мәңгілік мекеніне жол тартты. Ол өзінің жеңісін киелі Түркістанның 1500 жылдығына арнаған болатын. Сидней ойындарының финалында ол әлем чемпионы, америкалық Рикардо Хуарестен басым түсті. 

Түркістан өңірі былғары қолғап  шеберлеріне өте бай. Дәл осы аймақта әлем чемпионы (2013), әлем біріншілігінің қола жүлдегері Біржан Жақыпов дүниеге келген. Жақыпов екі рет жазғы Азия ойындарында күміспен күптеліп, Олимпиада ойындарында бақ сынады. 

Оңтүстіктен шыққан талантты боксшылардың бірі – Сәкен Бибосынов. Ол 51 келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (2021), әлем біріншілігінің қола (2019), Азия біріншілігінің күміс жүлдегері (2022) саналады. Бүгінде Бибосынов Париж Олимпиадасына дайындалуда.

Талантты боксшылар тізбегін Махмұд Сабырхан жалғастырады. Махмұд жастар арасында бокстан екі дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ересектер арасында әлем чемпионы (2023), әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Махмұд Париж ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов та осы өңірдің түлегі. Айтжановтың жетекшілігімен қазақ боксшылары Лондон Олимпиадасынан 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, Рио Олимпиадасынан 1 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленген. Мырзағали Құланұлы Қазақстаннан бірнеше әлем және Азия ойындарының чемпиондары шықты.

Дзюдошы, 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза да Түркістан облысының тумасы. Дидар Рио Олимпиадасы мен әлем біріншіліктерінде бақ сынады. 

Қазақстан тарихында тұңғыш рет бадминтоннан Олимпиадаға қатысатын Дмитрий Панарин Түркістан облысының намысын қорғайды. 

Академиялық есуден Қазақсттан командасының үздігі Владислав Яковлев Азия чемпионатында екі рет топ жарып, Лондон, Рио және Токио Олимпиадаларына қатысқан. Ауыр атлетика жұлдызы Жазира Жапарқұл қазақ қыздары арасынан Олимпиадада алғаш болып жүлде алған. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасында күміс, 2010 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алды. Одан бөдек, Жазираның еншісінде әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі бар.

567

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.