Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды. Оқиға жуырда Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде орын алған. 2022 жылы туған Нұрмұхаммед Өскенбай үйінің ауласында ойнап жүріп әжетхана ойығына түсіп кеткен, деп хабарлайды Turkistan Today.
Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын құтқарып, өлімнен арашалап қалған.
Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.