Түркістан облысында 12 өнер ұжымына «Халықтық» атағы берілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 желтоқсан, 2023

Түркістанда облыстық Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің Репетуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Онаева қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Комиссия отырысында оңтүстік өңірінен өтінім берген 12 ұжымның барлығы «Халықтық» атағын алды. Олар: мақтааралдық «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблі, жетісайлық «Хор» ұжымы мен «Аяна» би тобы, келестік «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры. Сонымен қатар, сайрамдық “Ибрагимовтер” жанұялық ансамблі және «Самұрық» би ұжымы, ордабасылық «Асыл әжелер» ансамблі, отырарлық «Шәміл-Дүр» би ұжымы, шардаралық «Ақмаржан» және сарыағаштық «Еркетай» би тобы, түлкібастық «Арша» квартеті және Түркістан қаласынан «Бисұлтан» би ұжымы арнайы атақты алды.


Бүгінде облыста жалпы 60 халықтық өнер ұжымы бар. Сондай-ақ, мұндай атақ —ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру және шығармашылық қызметті жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету мақсатында беріледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

562

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.