Түркістан облысында 2023-2025 жылдар аралығында 100-ге жуық мектеп салынады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 15 маусым, 2023

Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today

Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. 

Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2 050 орынды 9 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63  мектептің  құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы нәтижесінде 2024 жылы қолданысқа берілетін 28 мектептің ішіндегі 19 мектеп бойынша құрылыс компаниялары анықталған. Қыркүйек айына дейін 17 мектептің жұмыстары аяқталады. Ал, қалған 2 мектептің қаржысы келесі жылға өтпелі. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

2.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.