Түркістан облысында 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Түркістан облысында 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

2023 жылғы 12 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз күшейген болатын. Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Боран басталғаннан күннен бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы жас балалар. 


Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар  8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0