Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын заманауи қойманың құрылысы басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 31 қазан, 2023

Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойманың капсуласы салынды. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Жобаның серіктесі – «М-Адал» ЖШС. 1 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі – 3264 шаршы метр. Құрылысы қолға алынған қойма 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылады. Сауран ауданы аумағындағы бұл қоймада жылына 4 мың тонна көкөніс сақталады. 35 адам жұмыспен қамтылады. 
Қоймада ірі 9 камера бар. Оның 4 камерасының әрбіріне 500 тоннадан жалпы 2 мың тонна картоп сақталса, екі камерасына 500 тоннадан, жалпы 1000 тонна пияз сақталмақ. Сонымен бірге 250 тонна сәбіз, қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады деп жоспарланған. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады. 


Аталған аумақта Серік Жұманғаринге облыста өндіріс саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Биыл өңірде өнеркәсіп өнім көлемі 681 млрд. теңгені құрады (4,7 пайызға артты). Өңдеу өнеркәсібінде биыл жалпы құны 30 млрд. теңгені құрайтын 20 жобаны іске асырып, 594 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жыл басынан 12 жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

531

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.