Түркістан облысында 5 гектар жылыжайдан биыл 1 мың тонна банан өнімі алынбақ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 4 сәуір, 2024

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Gen Group Kazakstan» ЖШС-ң жылажай кешені 5,3 га аумаққа банан өсіріп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today. 


Серіктестік иесі Ислам Алиевтың айтуынша, 1-2 ай көлемінде алғашқы өнімнің дәмін татып көруге болады. Түркиялық технологиялар негізінде іске қосылған жылыжайға 7400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған болатын.


Жылына 1 000 тоннаға дейінгі өнім алуды жоспарлап отырған кешенде бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Бұл өнім Қазақстанның ішкі нарығын қамтуға бағытталмақ. Бүгінде Сайрам ауданында бананнан бөлек, лимон, құрма сынды экзотикалық жемістер де өнім беріп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

431

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.