Түркістан облысында 800 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамтитын «Қызыләскер» станциясы ашылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 желтоқсан, 2023

Бүгін Түркістан облысы, Келес ауданында қуаты 220/110/10 кВ болатын өңірдегі ең үлкен «Қызыләскер» электр станциясы ашылды. Бұл стратегиялық нысанның іске қосылуы ұзақ жылдарға созылып, биыл жүзеге асып отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көпшілікті тарихи сәтпен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.


– Алдымен баршаңызды өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде энергетика қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмысты күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа электр станцияларын салу жөнінде тапсырма берілген. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Облыста энергияны тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Осы бағытта Түркістан облысында жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі – бүгін іске қосылғалы тұрған  220 киловольттық «Қызыләскер» қосалқы станциясы. Бұған дейін облыстың оңтүстік бөлігінде осындай қуаттағы қосалқы станцияның болмауына байланысты электр қуаты нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін әрі бағасы қымбат еді. Сондықтан берілетін электр қуатының сапасына кері әсерін тигізіп, электр желілеріндегі шығынын көбейтетін. Енді бұл мәселе шешіліп, 5 ауданның 800 мыңға жуық тұрғыны сапалы қуат көзімен қамтылатын болды. Бүгін «Қызыләскер» қосалқы станциясын іске қосып, алдағы жылдың қаңтар айында осы қосалқы станциядан қуат алатын 110 киловольттық 91 шақырым электр желісін іске қосамыз. Баршаңызды жаңа станцияның ашылуымен құттықтаймын. Өңіріміздің әлеуеті арта берсін! – деді облыс әкімі.


Аталған электр станциясы арқылы 5 оңтүстік ауданның мәселесі шешіледі. Атап айтқанда: Келес, Мақтаарал, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарының 800 мыңға жуық халқын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. «Электромонтаж АК» кәсіпорны Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Жаңа дауір елді мекенінде орналасқан.


«Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысына 7,2 млрд. теңге қаралып, жоспар жүзеге асып отыр. Сонымен бірге осы станциядан  қуаты 110 кВт болатын 91 шақырым электр желісін салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған. Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудегі іс-шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту көзделген. 4 дана автотрансформатор орнатылған және Сарыағаш ауданында орналасқан «Жылға» қосалқы станциясынан «Қызыләскер» қосалқы станциясына дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады.


Өңір басшысы Келес ауданындағы іссапар барысында Бірлік ауылдық округінде орналасқан «ТМ-строй21» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты. Мұнда пресс жіп пен құрылысқа қажетті темір тор  өндіреді. Сонымен қатар мал бордақылаумен айналысады. Кәсіпорын 34 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы аудан әкіміне ауылдарда осындай кәсіпорындарды ашуға қолдау көрсету, инвесторлар тарту жөнінде тапсырма берді. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

594

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.