Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 қараша, 2023

Түркістан облысында алғаш рет пилоттық жобамен Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандарында әкім сайлауы өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Аудандардағы сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны шырқалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсендігі жоғары. Учаскелер алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етуде. Аудандардағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. 

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 28 807 сайлаушы болса, 50 сайлау учаскесі, Мақтаарал ауданында 70 648 сайлаушы, 63 сайлау учаскесі бар. Ал Созақ ауданында 35 715 саулаушы, 39 сайлау учаскесі, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы, 33 сайлау учаскесі бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

593

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.