Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауында халықтың белсенділігі жоғары

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 қараша, 2023

Бүгін Түркістан облысында төрт ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр.  Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі сайлау былтыр ауыл әкімдері арасында өтсе, биыл аудан басшыларын халық сайлауда. Күнгей өңірдегі науқанда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Олардың қатарында ғасыр жасаған қариялар мен ең алғаш рет дауыс берген азаматтар да бар, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бүгін республикамыз бойынша 45 аудан-қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Оның қатарында Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандары бар. Төрт аудандағы жалпы 185 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден өз жұмыстарын бастап кетті. Барлық сайлау орындары материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Учаскелерде тәуелсіз бақылаушылар мен еріктілер белсенді жұмыс атқаруда.


Айта кетейік, төрт аудан бойынша жалпы 180 мыңға жуық дауыс беруші бар. Ал аудан әкіміне үміткерлердің саны – 12. Таңғы 07:00-ден басталған науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

751

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.