Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 3,4 мың гектарға артты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 1 сәуір, 2024

Бұл жайында Түркістан облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әртараптандыруға сәйкес, масақты дақылдардың егіс көлемі 7,8 мың га, мал азықтық дақылдар 4,2 мың га, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 2,6 мың га артса, сәйкесінше мақта дақылы 6,4 мың га қысқартылып, 105 мың га, майлы дақылдар 6,4 мың га қысқартылып, 75,5 мың га егіледі. 


Күздік егіс 201,7 мың га орналастырылған, егістің жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілуде. Жаздық дақылдар 29 мың га егілді. Оның ішінде қырыққабат 6 мың га, жоңышқа 12 мың га, бақша 7 мың га, масақты дақылдар 4 мың га орналастырылды.

Жер айдау жұмыстары — 95, сор шаю жұмыстары 92 пайызға орындалды.

Биыл облыс аумағындағы ірі су қоймаларда су көлемі толық жиналып, көктемгі ылғал суларына сұранысқа сәйкес су босатылуда. Атап айтқанда, «Бөген» су қоймасында 363,3 млн. м3 су бар немесе 98,2%. Босатылып жатқан су көлемі – 50 м3/сек. «Қосқорған» су қоймасында 36,3 млн. м3 су бар немесе 97,4%. Босатылып жатқан су көлемі – 22 м3/сек. Сонымен қатар  «Шардара» су қоймасында 4,8 млрд.м3 су бар немесе 92%. Босатылып жатқан су көлемі – 630 м3/сек. Сондай-ақ «Достық» магистральды каналы арқылы 50 м3/сек ағын су келіп, Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы шаруаларға босатылуда. 


«Қазгидромет» мекемесінің болжамына сәйкес, биыл суармалы маусымда ағын су нормадан аз келеді. Осыған орай, биыл ағын су жылдағыдан ерте босатылды. Қазіргі толассыз жауған
жаңбыр суларын ұстап қалып, көктемгі ылғалдандыру жұмыстарына мейілінше тиімді пайдалану қажет. Ол үшін қазіргі босатылып жатқан суларды жаппай шаруалар алуы қажет. Әрі қарай еріген қар сулары арқылы су қойманы қайта толықтырып, суару маусымын
оңтайлы өткізу керек.

Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

Егіске қажетті 10,4 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 5,2 мың тонна мақта шиті және 0,9 мың тонна жоңышқа тұқымдары бар. 0,9 мың тонна жүгері, 
32,0 мың тонна картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынуда.
1,9 мың тонна мақта шитін алу жөнінде трейдерлік компаниялар мен мақта зауыттары Өзбекстан мемлекетімен келісімге келді.

Тауар өндірушілерді минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін, облыстық бюджеттен 7,0 млрд.теңге қаржы қаралды.


82,3 мың тонна тыңайтқыштардың құны төленеді. Сонымен қатар биыл алғаш рет аванстық төлем жүйесі ендірілді. Яғни отандық тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтыштар құнының 60% субсидияланады. Бұл отандық тыңайтқыш өндірушілерді қолдаумен қатар, облыс агроқұрылымдарына минералды тыңайтқыштарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ-мен меморандум рәсімделді. Меморандум негізінде, облысқа жалпы көлемі 72,0 мың тонна аммиак селитрасын жеткізу келісілуде. Бүгінгі күнге қоймада 25,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы («ҚазАзот» АҚ Сарыағаш ауданы базасында).

Энергетика министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес, ақпанға – 9,0 мың тонна, наурызға – 5,3 мың тонна, сәуірге – 1,6 мың тонна, мамырға – 6 мың тонна бөлінді. Агроқұрылымдарға литріне 247-249 теңгеден немесе нарықтық бағадан 15 % төмен босатылуда (Бүгінгі күнге, таратушы операторлар тарапынан 10,4 мың тн. ЖЖМ құны төленген, тауар өндірушілерге 1,5 мың тн. босатылды).

Жалпы дала жұмыстарына қолда бар техникалардың 95 % дайын.

Оның ішінде, 11,5 мың дана трактор, 
1,3 мың дана дән сепкіштер, 554 дана соқалар, 1,2 мың дана қопсытқыштар бар. Жыл сайын техникаларды жаңалау үлесі 5-6 % құрайды. Ағымдағы жылы 1449 дана ауыл шаруашылығы
техникаларын сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге 161  трактор, 6 комбайн, 13 құрал-жабдық сатып алынды.

475

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.