Түркістан облысында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, олардың бағаларын тұрақтандыру бағытында тың қадамдар жасалуда. Соның бірі жаңадан жылыжай кешендерін салып, халықты арзан көкөніспен қамтамасыз ету, деп хабарлайды Turkistan Today.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына сапары барысында Жетісай қаласындағы 5000 тонналық көкөніс қоймасын қайта жабдықтау жобасымен танысты. Жергілікті кәсіпкерлермен кездескен облыс басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды.
Сондықтан да жылыжай кешендерінің көлемін кеңейте отырып, көкөніс сақтау қоймаларының қуатын арттыру да қолға алынуда. Бұл бағытта озық технологиямен жарақтандырылған, әлемдік стандарттарға жауап беретін қондырғылармен жабдықталған қоймалар салынады.
«Раджапов» қоймасында қазіргі таңда 5 түрлі 3 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдері сақтаулы. Алдағы уақытта жалпы қуаттылығын 5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда 20 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер қойманың көлемін 5000 тоннаға дейін ұлғайтуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін жеңілдетілген несие қажет екенін айтты. І-ІІ кезең бойынша іске асыру мерзімі – 2023-2024 жыл.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қоймалар саны артатынын айтып, аудан әкімі мен жауапты басқарма басшылығына жаңа кәсіпорындар ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Көкөніс пен жеміс-жидекті сақтау, терең өңдеу ісіне бет бұру керектігін айтты. Мемлекет тарапынан кәсібін енді бастайтын жандарға және келешекте кәсібін кеңейткісі келетін азаматтарға қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.