Түркістан облысында баламалы энергия көздерінің бірнеше нысаны іске қосылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 3 қараша, 2023

Қытай инвесторларының қатысуымен Түркістан  облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында жел және күн электр станцияларын салу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жалпы қуаттылығы 1260 МВт электр станцияларын салу үшін Сауран, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы және Түлкібас аудандары қарастырылуда, деп хабарлайды Turkistan Today.

Осыған дейін Қытай еліне іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторларға бірқатар жоба ұсынған болатын. Бүгін өңір басшысы бұл елдің ең ірі компанияларының бірі «Energy China International» вице-президенті Ма Йингин ханым бастаған қытай делегациясымен кездесті. Тараптар бірқатар жобаларды талқылады. 

Жел энергиясы ең серпінді дамып келе жатқан жаңартылатын энергия көздерінің бірі екенін алға тартқан инвесторлар бұл бағытта бірнеше сынамалар жүргізілетінін атап өтті. 

– Баламалы энергетика – бұл стратегиялық маңызды бағыт, оны дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Ол үшін біздің климат өте қолайлы. Бұл жобалар біздің өңір үшін өте маңызды. Сондықтан жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті облыс әкімі.

Шетелдік компания өңірді сумен қамтамасыз ету мақсатындағы ұсыныстарды да қолдады. Облыс әкімі оның ішінде әсіресе ағын су мәселесі өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ Кентаудағы жылыту орталығынына қосымша балама ретінде жаңа жылыту стансасының құрылысын жүргізуге қатысты мәселе жан-жақты талқыланды. 

Инвестор жаңа жобалалардың жұмысына жергілікті мамандардың жұмысқа тартылатынын атап өтті және бұл жобалардың уақыт создырмай жүзеге асуына қызығушылық танытты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

779

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.