Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздарының марапаттау жиыны өтті.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, олардың мәртебесі мен беделі туралы қоғам арасында оң пікір қалыптастыру мақсатында өткен шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов қатысып, номинация иегерлерін құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосып келе жатқан дін мамандары мен діни қызметкерлер 12 номиция бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, «Үздік ақпараттық түсіндіру тобы» номинациясымен Шардара және Сайрам аудандары; «Дін саласындағы үздік тәлімгер» номинациясымен – Арман Қуанышбаев; «Үздік дәріскер» номинациясымен – Дінмұхаммед Сманов; «Үздік зияткер имам» номинациясымен – Арыстан Оспанов; «Үздік теолог» номинациясымен – Ілияс Нағызхан; «Үздік дін маманы» номинациясымен – Дінмұхаммед Тастемір; «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» номинациясымен – «Санұр» телеарнасы; «Үздік мақала» номинациясымен – Қуаныш Қосмаханов; «Үздік қарсы насихат парақшасы» номинациясымен – Төлеби ауданы әкімдігінің парақшасы; «Үздік терроризмге қарсы комиссия хатшысы» номинациясымен – Нұрғиса Ахмет; «Үздік әйел-қыздар секторының меңгерушісі» номинациясымен – Еңілік Әбиева марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.