Түркістан облысында газ бен ауыз су мәселесі шешілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 ақпан, 2024

Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Сондықтан өңірде ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары басты назарда,- деп хабарлайды Turkistan.today.
Аауыл-аймақтардың халқын табиғи газбен, таза ауыз сумен және сапалы электр желісімен қамту бағытында нақты меже қойылып, жоспарлар орындалды. Атқарылған ауқымды жұмыстар нәтижелі. Жоспардан бөлек, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңір халқымен кездесулері мен жеке қабылдауларында тұрғындар тарапынан көтерілген коммуналдық мәселелер көп ұзамай оң шешімін тауып жатыр. Сонымен қатар құрылысы тоқтап қалған маңызы бар нысандар бойынша нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде, «сақалды құрылыстар» аяқталып, ел игілігіне қолданысқа  берілді.  
 
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд теңге бөлініп, 36 нысан пайдалануға берілді. Қалған 34 нысанның құрылысы биыл аяқталмақ. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, 20 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 9 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Өткен жылдың қорытындысымен, 832 елді мекеннің 739 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, 522,3 мың тұрғыны бар 7 қала ауыз сумен қамтылып, қамту деңгейі 99,8 %-ды құрады. Одан бөлек, 1 542,7 мың халқы бар 732 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтылған. Елді мекендерді қамту деңгейі – 97,0%.
 
2024 жылы 47 нысанға бюджеттен 13,3 млрд теңге бөлініп, 37 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Ал қалған 10 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Нәтижесінде, 22 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылады. Осы жылы 832 елді мекеннің 761 елді мекені ауыз сумен қамтылмақ. Оның ішінде, таза ауыз сумен қамту деңгейі қалаларда – 100,0%, ауылдық елді мекендерде – 98,1%-ға жетеді.
 
Облыс бойынша 93 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтылмаған. Бұл мәселе бойынша 15 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 10 елді мекен бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыру үшін осы жылға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсынылады. 17 елді мекеннің 2 елді мекеніне жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатса, 15 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. Ал халық саны 200-ден аз шалғай орналасқан 51 елді мекенде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, кешенді блок-модуль орнатылмақ.

Түркістан облысында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Одан бөлек, құрылысы тоқтап қалған «сақалды құрылыстардың» шешімі табылып, нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысымен 2 млн. 119 063 халқы бар 832 елді мекеннің 1 649 464 тұрғыны бар 513 елді мекені (61,6 %) табиғи газбен қамтамасыз етілді.
 
Былтыр 107 нысанның құрылысына ұлттық қор есебінен 8,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен 2,2 млн теңге, облыстық бюджеттен 7,0 млрд теңге, жалпы 17,5 млрд теңге  бөлінді. Облыстағы 60 нысанның (48 елді мекендегі газ нысаны, 3 АГТС, 3 жеткізуші газ құбыры, 11 шағынаудандағы газ нысаны) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. 111876 тұрғын «көгілдір отынға» қол жеткізді.  Қалған 47 нысан 2024 жылға өтпелі.
 
Осы жылы 71 нысанның құрылысына 10,1 млрд теңге бөлінді. Биыл 38 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 33 нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.
 
Түркістан облысының электр қуатына жалпы қажеттілігі 320 МВт болса, оның 80%-ы  сыртқы көздерден тасымалданады. Елді мекендердің 98%-ы, яғни 816 елді мекен  орталықтандырылған электр желісін пайдаланады. Өңірдегі 16 ауыл шалғайда орналасуына байланысты күн сәулесі панелі, дизелдьді генератор секілді өзге де қуат көздерімен қамтылған.
 
Өткен жылы 104 мың халқы бар 40 елді мекенде 36 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 28 нысанның құрылысы аяқталып, 26 елді мекендегі 52,4 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Ал 8 нысанның құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
 
Биыл 44 елді мекен, 49,8 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету көзделуде. Электр қуатының тапшылығын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 1000 МВт бу-газ қондырғы станциясын салу арқылы шешу жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысан үшін жер учаскесі белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды.
 
Өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы инфрақұрылымды жақсатрту бойынша тиісті жұмыстар жалғасады.

333

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.