Түркістан облысында қалдықтарды өңдеп, ауыл шаруашлығына қажетті зат шығаратын цех бар

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 сәуір, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында ерекше кәсіпорынның қазіргі жай-күйімен танысты,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Келес Пласт» ЖШС-нің  қайта өңдеу цехында болды.


Аталған цех 2018 жылдан бері ауыл шаруашылығына қажетті пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш (зажим), көшет өндіруге арналған стакан түрлерін шығарады. Жергілікті тұрғын Нұржан Омаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр. 

Сонымен бірге былтыр тамшылатып суғаруға арналған заттар да өндірісін де қолға алған. Бұл жоба облыс делегациясы мен кәсіпкерлерінің Қытай мемлекетіне сапары нәтижесінде жүзеге асқан. Кәсіпорын сағатына 12 мың метр өнім шығаруға қауқарлы. 


Кәсіпкермен кездескен Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жобаларды көбейту маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкердің қадамын жоғары бағалап, отандық өнім көлемін арттыру қажеттігін атап өтті.

Тамшылатып суару технологиясын шығаратын кәсіпорынның жобалық қуаттылығы сағатына 12 мың метрді құрайды. 2023 жылы іске қосылған кәсіпорынның жер көлемі 0,80 га құрайды. Жобаның жалпы құны – 100 млн. теңге. Аталған кәсіпорынды жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен ашқан. 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған цехта  жұмысшылардың орташа жалақысы – 200 мың теңге.


Айта кетейік, цехта жарамсыз полиэтилен пленкалары, пластмассалар қайта өңделеді. 2023 жылдың қорытындысымен жалпы Келес ауданы бойынша 3900 тонна қоқыс жинақталып, оның 741 тоннасы қайта өңдеуге бағытталды (19%).

Цехтың жұмысымен танысқан соң облыс әкімі Келес ауданы кәсіпкерлерінің өнімдері мен жобалары ұсынылған көрмені көрді. Жауапты басқармалар мен аудан әкіміне өндіріс орындарын көбейту, жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

492

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.