Әлеуметтік желіде Түркістан облысында алып қашқан қыз баланың өз еркімен келгендігі жайлы қолхат жазып отырғанының видеосы таралды, деп Turkistan Today хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түркістан облысындағы Жетісай қаласында қыздар ұрлығы жаңа деңгейге шыққан. Енді жігіттің туыстары қызға өз еркімен келгендігі, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қолхат жазғызып алатын болған, - делінген желіде тараған видеоның жазбасында.
Қолданушылар бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазып жатыр. Біреулер бұл ертеден келе жатқан дәстүр десе, екінші тарап бойжеткен «құлдыққа келіскені жайлы қол қойып жатыр, бассыздық» деген.
Бұл жайтқа қатысты Полиция департаменті пікір білдірді. Түркістан облысы ПД видеоға қатысты тексеру жүргізіп, 20 жастағы қыз баланың 24 жастағы Асықата тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.