Түркістан облысында көктемгі ағаш егу науқанының барысы пысықталды

Түркістан облысында көктемгі ағаш егу науқанының барысы пысықталды
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев Түркістан облысын көркейту, көгалдандыру мәселелері бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жиында облыстағы елді мекендерді көркейту және көгалдандыру бойынша қажетті жұмыстарды орындауы үшін техникалар мен басқармаға қарасты орман алқабында өсірілген көшеттерді тегін үлестіру қажеттілігі сөз болды. Сондай-ақ басқармаға қарасты орман шаруашылығының тұқымбақтарында өсірілген көшеттер межелі жерге уақтылы жеткізілуі керек екеніне ерекше тоқталды.
– Көктемнің алғашқы айы көшет егумен басталуы қажет. Енді қала, аудандар жеткізілген көшеттерді алып, тиісті орындарға отырғызуы тиіс. Көшеттердің сапасы маңызды. Көшеттердің дұрыс егілуі бақылансын. Қаланы көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүйелі және тұрақты түрде жалғасын табуы қажет. Егілген көшеттер уақтылы суғарылса, одан бөлек əркім өзінің үйінің сыртындағы көшеттеріне қараса, көшеге бос жіберетін сиырлар қадағаланса, тәртіп орнайды. Көшет отырғызудан бөлек, оны күтіп-ұстаудың амалын да жауапты мамандар қадағалағаны жөн. Көгалдандыру мен абаттандыру билікке ғана жүктелген жұмыс емес. Қаламыздың таза әрі көрікті болуы үшін барлық қала, аудан тұрғындары белсенді атсалысса ғана аймақ гүлденеді, – деді, басқарма басшысы.
Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Еске сала кетейік, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес, өткен жылы Түркістан облысындағы елді мекендерге 250 мыңнан аса түп көшет егілді. Биыл 620 мыңнан аса ағаш отырғызылмақ. Одан бөлек іс-шара жоспарына сәйкес басқармаға бағынысты мекемелерден қосымша сұранысқа қарай 1 миллионнан аса көшет тегін үлестірілмек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0