Түркістан облысында мұғалімдер интернетке қосылу үшін дала кезіп жүр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 16 қыркүйек, 2023

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Түркістан облысында мұғалімдердің интернетке қосылу үшін дала кезіп жүргеніне қатысты пікір білдірді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, сурет Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылында түсірілген. Бұл ауылда 432 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына «Кселл» компаниясы ұялы байланыстың 2G және мобильді интернеттің 3G буыны бойынша қызмет көрсетеді.

Дегенмен, Түркістан облысының әкімдігі байланыс операторымен бірге ауылдардағы интернет қызметтерін жақсарту және қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Аталған жол картасына Аққұм ауылы да кіреді.

Осы жол картасы аясында байланыс сапасын жақсарту үшін антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Содан кейін байланыс операторы - «Кселл» АҚ базалық станса орнатады. Байланыс операторынан базалық станса орнатудың нақты датасына қатысты ақпарат күтіліп отыр. Бұған қоса, министрлік байланыс саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Аталған жоба аясында Аққұм ауылын қоса алғанда талшықты-оптикалық байланыс желісінің 3 мыңнан астам қызметімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара қарастырылған, - делінген министрлік ақпаратында.

623

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.