ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын халықты ақпараттандыру мақсатында Түркістан облысында барлығы 1600-ге жуық жарнамалық конструкция орнатылған, деп хабарлайды Turkistan Today.
Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 400-ден аса баннер ілініп, 38 лед-экранда сайлауға шақыруға арналған бейнероликтер көрсетіліп жатыр.
Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын жерлерде (халыққа қызмет көрсету орталықтары, жастар ресурстық орталықтары, темір жол, автовокзалдар, сауда орталықтары, базарлар, мәдениет үйлері, т.б.) ақпараттық бейнероликтер мен аудиохабарламалар таратылуда.
17 аудан-қалда кандидаттарға үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін 646 (ақпараттық стенд – 187, ақпараттық тақта – 459) орын, кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 330 орын нақтыланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.