Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 11 наурыз, 2024

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары Сырдария өзенінің бастауынан басталды,- деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек. Сондай-ақ, олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті. 


Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы күші жұмылдырылған.


Қазіргі таңда облыста шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстарын мердігер «Satti Tulik» ЖШС-і жүргізуде. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған. 

643

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.