Түркістан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 5 ақпан, 2023

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров мәлім етті, деп хабарлайды Turkistan Today.


Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша су сору және қашырту жұмыстары басталғалы бері барлығы ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 440-тан астам адам, 71 бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды. 


«Түркістан облысына қарасты Сауран, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында 2-ші ақпан күні орын алған су тасу бойынша жағдай тұрақталды. Дегенмен, өңірде су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 3, 4 ақпан күндері облыс аумағында жаңбыр, таулы аймақта қар жауады деп болжанып отыр. Егер, толассыз жаңбыр жауып, таудағы 70 сантиметрге жуық қар ерісе, Қазығұрт және Төлеби аудандарында су тасқыны орын алуы ықтимал. Тіпті, бұл аумақтан аққан су Келес өзеніне құйылып, Сарыағаш және Келес аудандарына өтіп кетуі де ғажап емес. Жалпы, дәл қазір табиғат тосын мінез танытса, облыс аумағындағы кез келген ауданда төтенше жағдай туындауы мүмкін. Сол себепті барлық жерде қауіптің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр», - деді Бақытжан Запаров.


Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 13 000 бірлік құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді. 


Айта кетсек, Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылында жеке тұрғын үй ауласынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан 36 кіші бас малы өлген, 589 кіші бас малы қауіпсіз жерге шығарылды. Жалпы ЖД күшімен су басқан аулалардан  барлығы 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 800-ге жуық ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.