Түркістан облысында "Таза өлке" апталығында 1 500-ге жуық көше тазартылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 12 сәуір, 2024

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Апталықта Түркістан облысындағы 17 аудан-қала аумағындағы 140 шақырым өзен бойлары мен 1 500-ге жуық көше, үй аулалары тазартылды. Сондай-ақ, 275 саябақ пен скверлерде, 192 балалар мен спорт алаңшаларында тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 1 120 тонна қоқыс шығарылған.

Атап айтар болсақ, Кентау қаласында 200 жас қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтардың тазалық жұмыстарын жүргізіп, 30 тоннадан астам күл-қоқыс шығарған. Ал шардаралық жастар мен белсенділер қала аймағы мен суқойма бойынан 175 тонна қоқыс тазалап үлгерген. 

Бұдан бөлек, тазалық жұмыстары Сарыағаш ауданында да жалғасын тапқан болатын. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған экоакция аясында өңір белсенділері 120 тонна қоқыс шығарған. Сонымен қатар, 15 ауылдық округте тазалық акциясын өткізген Түлкібас ауданы арық-атыздарды 30 тонна қоқыстан тазартқан. Игі шара Созақ ауданында да қолдау тапты. Ауданға қарасты аумақтан еріктілер 240 тоннаға жуық қоқыс шығарған. Сондай-ақ, 300-ге жуық адам қатысқан Отырар ауданындағы тазалық жұмыстары нәтижесінде 30 тонна күл-қоқыс тазартылған.  

403

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.