2023 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтті. Бүкіл әлем бір сағатқа электр қуатын өшірді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Акцияның мақсаты – ғаламшар тұрғындарын табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр.
Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді.
Бұл акцияға Түркістан облысы да белсенді қатысты. Өңір аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар аталған шараға қызу атсалысты. Атап айтар болсақ, олар: «Қаратау» ЖШС, «Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны және «Заречное»» акционерлік қоғамы, «Орталық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» ШЖС, «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.