Түркістан облысындағы әкімдер мен мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 наурыз, 2024

Елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталып, Түркістан облысында да түрлі тақырыпта іс-шаралар өтіп жатыр. 


18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған күні Түркістан облысындағы барлық мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді. Облыс әкімінің аппараты және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандары да аталған бастаманы қуана қолдады.


Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық киімді насихаттау – әрбіріміздің міндетіміз. 


Айта кетейік, Түркістан облысында 23 наурызға дейін Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар күнделікті жалғасады. Ал, бүгін сағат 16:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде Түркістан облысындағы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Түркістанның Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы атанғанына байланысты іс-шаралар легі басталады. 

566

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.