Түркістан облысының әкімі Шолаққорған кентіндегі орталық базарды аралап, базар нарқымен танысты

Түркістан облысының әкімі Шолаққорған кентіндегі орталық базарды аралап, базар нарқымен танысты
Созақ ауданындағы орталық базарға ескертусіз барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сауда орындарын аралап көрді. Ондағы сатылып жатқан өнімдердің бағаларымен танысты. Әкім жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті құрал-жабдықтардың құнын сұрастырды. Облыс басшысын сөредегі қазақстандық өнімдер де қызықтырды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Дархан Сатыбалды облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев пен бірқатар басқарма басшыларымен бірге сауда орнындағы санитарлық талаптардың сақталуын көрді.

Базардағы бағалар әр түрлі. Облыс әкімі жергілікті тұрғындарымен тілдесіп, сауда нүктелеріндегі баға жайлы сұрастырды. Базар аралаған облыс әкімі аудан басшысына бағаны тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0